Talent.com
development bank kazakhstan
Инфраструктуралық жобаларды талдау басқармасының Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдауdevelopment bank kazakhstan • Mangilik
Поиск других вакансий
Инфраструктуралық жобаларды талдау басқармасының Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау

Инфраструктуралық жобаларды талдау басқармасының Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау

development bank kazakhstan • Mangilik
30+ дней назад
Описание вакансии

Біліктілік талаптары

  • Экономика және қаржы саласында жоғары білім;

  • Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • Ұйымның бейініне сәйкес экономикалық қызмет саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе экономика және қаржы саласындағы қосымша білімінің болуы құпталады;

  • Қаржы саласындағы халықаралық сертификаттардың (ACCA, CPA, CMA, CIMA, CFA және т.б.) болуы құпталады.

Қажетті дағдылар

  • Аналитикалық ойлау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу;

  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

  • Қаржылық модельдеу;

  • Сараптама жүргізу және тәуекелдерді бағалау;

  • Мәмілелерді құрылымдау;

  • Ақпаратты таныстыру және нақты жеткізу дағдылары;

  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) және электрондық құжат айналымы жүйесін сенімді меңгеру;

  • Ағылшын және мемлекеттік тілдерді білу құпталады.

Негізгі функционалдық міндеттер

  • Бизнес-ұсыныс, индикативтік талдау және банктік сараптама кезеңдерінде жобалар бойынша кредиттік талдау жүргізу және мәмілелерді құрылымдау;

  • Қарыз алушылардың, кепілгерлердің және контрагенттердің қызметіне ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізу, алаңдататын белгілерді, тәуекелдерді және жобаларды іске асыру жоспарларынан ауытқуларды анықтау;

  • Контрагенттер мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін талдау, оның ішінде бұрын ұсынылған есептілікпен салыстырғанда елеулі ауытқуларды тексеру;

  • Контрагенттердің қаржыландыру шарттарын өзгерту туралы өтініштерін талдау және тиісті қорытындыларды дайындау;

  • Қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалды есептеу және резервтерді қалыптастыру үшін кредиттік құралдар бойынша құнсызданудың объективті белгілерін анықтау;

  • SPPI-тестінен өтпеген кредиттік портфель мен дебиторлық берешектің әділ құны бойынша болжамды бағалауларды дайындау;

  • Құзыреті шегінде Банктің ішкі құрылымдық бөлімшелері мен басшылығының сұраулары бойынша ақпарат дайындау;

  • Ішкі құжаттарды, кредиттік құралдарды және инвестициялық кредиттеу бағдарламаларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу.

Создать оповещение о вакансиях для этого поиска

Инфраструктуралық жобаларды талдау басқармасының Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің бас менеджері • Mangilik