Talent.com
Development Bank of Kazakhstan
PR маманы (аутстаффинг)Development Bank of Kazakhstan • Mangilik
Поиск других вакансий
PR маманы (аутстаффинг)

PR маманы (аутстаффинг)

Development Bank of Kazakhstan • Mangilik
15 дня/дней назад
Описание вакансии

Негізгі міндеттері

  • Пресс-релиздердің, жаңалықтардың, мақалалардың, сұхбаттардың, түсініктемелердің, сөз сөйлеуге арналған тезистердің, анықтамалық және аналитикалық материалдардың, әлеуметтік желілерге арналған жарияланымдардың мәтіндерін дайындау.

  • Банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау: ақпараттық материалдарды уақтылы дайындауды, келісуді және жариялауды қамтамасыз ету.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара іс-қимыл жасау: журналистердің сұрауларына жауаптар, сұхбаттарға арналған сұрақ-жауап материалдарын (Q&A), түсініктемелерге арналған тезистерді дайындау.

  • Ақпараттық күн тәртібіне мониторинг жүргізу және оны талдау, коммуникациялық тәуекелдерді, перспективалы тақырыптар мен ақпараттық себептерді анықтау.

  • Ақпаратты іздеу, аналитика жүргізу, деректерді құрылымдау, мәтіндерді дайындау және редакциялау үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану.

Талаптар

  • Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың PR қызметтерінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

  • Копирайтинг және редакторлық жұмыс дағдыларының жоғары деңгейде болуы: сапалы, мазмұнды әрі стилистикалық тұрғыдан сауатты мәтіндерді өз бетінше жазу, күрделі экономикалық, қаржылық және салалық тақырыптарды түсінікті тілмен жеткізе білу.

  • Аналитикалық ойлау қабілеті: ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу, негізгісін бөліп көрсету, фактілерді, сандар мен деректерді талдау және дәлелді қорытындылар жасау қабілеті.

  • Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларының жоғары деңгейде болуы: кәсіби міндеттерді шешу үшін AI құралдарын сенімді пайдалану, промпт-инжиниринг қағидаларын меңгеру, AI көмегімен жасалған контентті тексеру және жетілдіру дағдылары.

  • Media Relations саласындағы дамыған дағдылар: журналистермен, редакциялармен және ақпараттық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі, БАҚ жұмысының қағидаларын түсіну.

  • Үш тілді меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдері, оның ішінде іскерлік жазбаша коммуникация дағдылары.

  • Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы коммуникация ерекшеліктерін, корпоративтік рәсімдер мен көпдеңгейлі келісу процестерін түсіну.

Негізгі кәсіби қасиеттері

Дербестік, бастамашылдық, жүйелі және сыни ойлау, нәтижеге жауапкершілікпен қарау, жоғары жұмыс қарқыны, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеру, әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қысқа мерзімдер жағдайында тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Создать оповещение о вакансиях для этого поиска

PR маманы (аутстаффинг) • Mangilik