Talent.com
Development Bank of Kazakhstan
Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге)Development Bank of Kazakhstan • Mangilik
Поиск других вакансий
Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге)

Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге)

Development Bank of Kazakhstan • Mangilik
15 дня/дней назад
Описание вакансии

Талаптар

  • Жоғары экономикалық білім.

  • Тиісті кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн, банк саласындағы тәжірибеге басымдық беріледі.

  • Қазақстан Республикасының банк қызметі, төлемдер және төлем жүйелері саласындағы заңнамасын, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп негіздерін білу.

  • Банктік, қызметтік және коммерциялық құпияны қорғау талаптарын, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарын білу.

  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеру.

  • Іскерлік коммуникация, сыртқы экономикалық келісімшарттармен, банктік құжаттармен және ҚЦМР хабарлама форматтарымен жұмыс істеу дағдылары.

  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын және электрондық құжат айналымы жүйелерін сенімді меңгеру.

  • Мұқияттылық, жеделдік, міндеттердің басымдығын анықтау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті.

  • Жеке және іскерлік құзыреттер: үнемді басқару, іске адалдық, нәтижеге бағдарлану, инновацияға бейімділік.

Міндеттері

  • Банк клиенттерінің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу, шоттар бойынша өкімдерді, оның ішінде инкассалық өкімдерді және операцияларды тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау, сондай-ақ банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу және тыйымды алып тастау туралы қаулыларды орындау.

  • Заңды тұлғаларға «Интернет-Банк» жүйесі арқылы қызмет көрсету шарттарын жасасу, АБИС «Колвир» жүйесінде пайдаланушыларды тіркеу және бұғаттау, парольдерін өзгерту.

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операторы болып табылатын төлем жүйесі арқылы хабарламаларды жіберу және қабылдау, төлем жүйелеріне қол жеткізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

  • Банктің өкімдері мен клиенттердің нұсқаулары негізінде клиенттердің шоттары бойынша төлемдерді, ақша аударымдарын және валютаны айырбастау операцияларын жүзеге асыру.

  • МСПД, SWIFT Сервистік бюросы және ФАСТИ қызметтері үшін шот-фактураларды төлеуге арналған өкімдерді дайындау және тиісті қызметтерді көрсету шарттарын жасасу.

  • Банк клиенттерінің заңды істерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау.

  • Уәкілетті мемлекеттік органдардың, клиенттердің, аудиторлық компаниялардың, жеке сот орындаушыларының және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ сұраулары бойынша банктік шоттар туралы ақпаратты дайындау және ұсыну.

  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Банктің комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу.

  • Құжаттарды уақтылы дайындау және Банктің архивіне тапсыру.

Создать оповещение о вакансиях для этого поиска

Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге) • Mangilik